Татарстандағы құрғақшылық: 17 ауданда төтенше жағдай жарияланды

None
None
КАЗАН. ҚазАқпарат - Татарстан республикасының президенті Рустам Миннихановтың өкімімен елдегі құрғақшылыққа байланысты 17 ауданда төтенше жағдай режімі енгізілді, деп хабарлайды ТАСС.

Татарстан басшысы ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігіне төтенше жағдай салдарын еңсеру шараларын жасақтауды тапсырды.

Еске сала кетсек, Татарстанда 43 муниципалды аудан бар.

Соңғы жаңалықтар