Татарстандағы қандастарға білім, мәдениет саласында көмек берілмек
Меморандумға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков пен Дүниежүзілік татарлар конгресі ұлттық кеңесінің төрағасы Василий Шайхразиев қол қойды
Меморандумның басты мақсат – екі ел арасындағы бауырластық достықты нығайту және Ресей Федерациясының Татарстандағы қандастарға білім, мәдениет саласында көмек қолын созу.
«Біздің бауырлас халықтарды тек қана ортақ дін, салт-дәстүр, туыстас тілдер емес, сонымен қатар күннен-күнге берік болып келе жатқан көп ғасырлық достық байланыстырады. Осы жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Қазақ Федералды университеті, «Шапағат» қоғамдық қоры мен Татарстан мұсылмандарының рухани басқармасы қол қойған Келісімдер екі халық арасындағы әріптестік шекарасын кеңейтіп келеді. Бұдан бөлек, еліміздің түрлі өңірлерінде өзге де бірлескен жоспарлар жүзеге асуда, - деді Қазақстандық татарлар және башқұрттар конгресінің жетекшісі, Дүниежүзілік татарлар конгресі ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Тауфик Каримов.