+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Татарстанда жылжымалы зообақ өртенді

2016 жылғы 21 желтоқсан 09:49
Бөлісіңіз:
Татарстанда жылжымалы зообақ өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чистополь қаласында (Татарстан Республикасы) сауда үйлерінің бірінде болған өрттен, жылжымалы зообақ жанып кетті. 60 жануардың тек 14-і ғана құтқарылды.

Өрттің алғашқы бес минуттарында дүкеннің қызметкері төрт маймылды, бес тотықұсты және бес рептилияны құтқарып үлгерген. Құтқару жұмыстарын ары қарай жалғастыруға қою түтін кедергі келтірді, деп хабарлайды ТАСС. Оқиға орнына жеткен құтқарушыларға ғимараттағы жануарлар туралы айтылмаған.

Өрт туралы хабарлама сауда орталығының күзетшісінен кешқұрым келіп түсті. Чистопольдегі тілсіз жауды ауыздықтауға Нижнекамский және Алексеевский гарнизондары да жұмылдырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT