+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Татарстанда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, бірнеше адам қаза тапты

2021 жылғы 10 қазан 14:40
Бөлісіңіз:
Татарстанда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, бірнеше адам қаза тапты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Татарстанда Мензелинск қаласында РЭС базасы маңында әуе клубына тиесілі L-410 ұшағы құлады, деп хабарлады ТАСС-қа жедел қызмет.

Ұқсас жаңалықтар
Бразилия жағалауында ұшақ жоғалып кетті Ресейде шахтадағы жарылыстан өлгендердің саны 11-ге жетті Ресейге 90 күннен астам мерзімге баратын қазақстандықтан қосымша анықтамалар талап етіледі

«Мәскеу уақытымен 09:11-де Мензелинскіде әуе клубына тиесілі жеңіл моторлы L-410 ұшағы құлады. Бортта 20 адам болған, олардың басым бөлігі – парашютшілер», - деді агенттік дереккөзі.

Бортта 23 адам болған, соның ішінде 21-і – парашютшілер. Құтқарушылар ұшақтан жеті адамды шығарып алған, 16 адамның тағдыры белгісіз. «Өрт сөндіру – құтқару жасағы тағы төрт адамды құтқарып қалды. Барлығы жеті адам аман қалды», - деді ТАСС-қа агенттік дереккөзі.

Бұған дейін жедел қызметтегі дереккөз 19 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, ол ұшақтың жергілікті әуе клубы аэродромынан ұшқаннан кейін бірден құлағанын айтты. Агенттік дереккөзінің мәліметінше, ұшақ бір шақырымдай ғана ұшып үлгерген, әуе кемесі құлаған кезде фюзеляжі қираған. Ұшақ 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT