Татарстанда Жаңа жыл мерекесінен соң үйіне жаяу қайтпақ болған тұрғын далада қатып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа жыл мерекесінде ойын-сауық клубында достарымен ішімдік ішіп, мерекені ерекше атап өткен Набережные челны тұрғыны аязды күнде үйіне жаяу қайтпақ болған.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Татар-информ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында полиция қызметкерлеріне жаңа жылдан кейін үйіне оралмаған жігіттің ата-анасы хабарласып, мән-жайды айтқан. Жаңа жыл түні олардың 21 жастағы ұлы ойын-сауық клубына барып, ішімдік ішкен. Одан кейін жас жігіт қандай жағдайға тап болғанын ешкім білмейтін болып шықты.

Жас жігіттің мәйіті 37-кешендегі кәсіпорын маңынан табылды. Оның денесінде зорлық белгілері болмаған. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, жас жігіт аязда үсіп, көз жұмған.

Ол екі досымен ішімдік ішіп, кейін үйіне жаяу қайтпақ болған. Үйіне қайтып бара жатқан ол жолда құлап қалып, қайтадан орнынан тұра алмаған. Ұялы телефоны мәйіттің жанында болған.


Соңғы жаңалықтар