Татарстанда аударыспақтан республикалық чемпионат өтеді

None
None
АРСК. ТАТАР-ИНФОРМ - ҚазАқпарат – Татарстанның Жаңа Қырлай ауылында аударыспақтан (аударыш) тұңғыш жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Татар-информ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Татарстанда аударыспақ спортын дамыту қолға алынған. «Жылқы күні» атты бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан жарыс аясында биыл тұңғыш рет аударыспақ сайысы өтті.


«Аударыш» ойынының төрешісі, әрі бапкер Уел Бадықшанов осы сайыс арқылы татардың көне спортын жандандыру көзделгенін айтады.

«Бабаларымыз осы сайыс арқылы күш сынасқан. Татарстанда оны жандандыруды бірінші болып біз қолға алдық. Бастама көтеріп, ұйымдастырып жүрген «Алмақай» жылқы фермасының иесі Фарид Набиуллин», - дейді Уел Бадықшанов.

Сайыс төрешісі аударыспақ сайысын келешекте бүкіл Ресей бойынша, кейін әлемдік деңгейде өткізуді жоспарлағандарын айтады.

«Аударыш» ойынына татардың таза қанды аттары мініледі. Арнайы сахнада атқа мінген екі балуан бір-біріне шабуылдап, қарсыласын ерден аударып тастауы тиіс. Ол үшін тек белге байланған орамалдан тарту керек. Басқа тәсілдер есепке алынбайды. Қайта жанданған спорт түрінен алғашқы республикалық чемпионат Лениногорда 29 қыркүйек күні өтеді», - деп жазды «Татар-информ» ақпарат агенттігі.



Соңғы жаңалықтар