Татарстан мектептерінде Алтын Орданың 750 жылдығына қатысты сабақтар өтеді

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Татарстан мектептерінде Алтын Орданың 750 жылдығына арналған сабақтар өтеді. Бұл туралы ТР Ғылым академиясы Тарих институтының жанындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ильнур Миргалеев айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Татар-информ» агенттігіне сілтеме жасап.

«Білім министрлігіне оқытушыларға арналған оқу құралын әзірлеп бердік. Тарих пәнінің оқытушылары осы күнге арналған сабақ өтуі тиіс. Біз оларға мемлекет тарихының аса маңызды оқиғалары қамтылған қысқаша ақпаратты жібереміз», - деді ол.

Тарихшының сөзіне қарағанда, әдістемелік құралда Алтын Орда тарихындағы негізгі оқиғалар мен тұлғалар аталады, әрі осы тақырыпқа қатысты ұсынылатын кітаптардың тізімі беріледі.

«Білім беру жүйесі осы ақпаратты тұрғындарға жеткізуде бізге көмектеседі деп үміттенеміз. Өйткені бұл тек оқушыларға ғана емес, ата-аналарға да қызықты. Конференциялар, ашық сабақтар өткізуге болады. Тарих пәнінің бір сабағын дәл осы тақырыпқа арнауға да болады. Мектептер көптеген шараларды өткізеді, жұрт татар тарихына, татар мемлекеттігіне арналған шаралардың маңызын толық түсінеді деп сенеміз», - дейді Ильнур Миргалеев.

Соңғы жаңалықтар