+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Татьяна Чучупалова: Әр отбасының үйінде текемет пен құрақ болуы керек

2020 жылғы 27 қыркүйек 13:40
Бөлісіңіз:
Татьяна Чучупалова: Әр отбасының үйінде текемет пен құрақ болуы керек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тұрғыны Татьяна Чучупалова ұлттық үлгідегі құрақ-көрпені насихаттап жүрген жандардың бірі. Текемет пен жастықша, қазақтың ою-өрнегімен өрнектелген тәпішке мен сөмке жасау – оның сүйікті ісі. Қазақы салт-дәстүрді дәріптейтін өзге ұлт өкілінің тігін өнерімен айналысып жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болған. 27 қыркүйек - Еңбек күніне орай ҚазАқпарат тілшісі Татьяна Чучупаловамен сұхбаттасып қайтқан еді.

Ұқсас жаңалықтар
«Қарапайым заттар экономикасы»: Батыс Қазақстанда 215 жоба мақұлданды Ақтауда көпбалалы ана тігін цехын ашты Жас кәсіпкер: 20-30 жас арасын бос өткізуге болмайды

– Татьяна, өзіңіз жайлы баяндап берсеңіз…

– Мен Глубокое ауданы, Верхберезовка ауылында дүниеге келдім. Бала кезімнен-ақ тігін тігуді жақсы көретінмін. Негізгі мамандығым бойынша құрылысшы-жобалаушымын. 2009 жылы жоғары оқу орнын тәмәмдаған соң өзім қалаған ісіммен толыққанды айналысу мүмкіндігі туды. Өз нәпақаңды сүйікті ісіңмен тапқанға не жетсін! 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған конкурсқа қатысып, шеберхана ашу үшін грант ұтып алдық. Тігін тігумен кәсіби деңгейде айналысып жүргеніме 5 жыл толды.

– Қазақтың ұлттық үлгідегі бұйымдарын жасауыңызға не түрткі болды?

– Отанымыз Қазақстан болғаннан кейін әрбір қазақстандық азаматтың үйінде текемет пен құрақ болуы керек деп есептеймін. Маған қазақы ою-өрнек, ұлттық бұйымдар қатты ұнайды. Ұлттық үлгідегі керек-жарақтарды жасау қолымнан келіп тұрған соң, қазақы салт-дәстүрді дәріптеуге өз үлесімді қосқым келді.


– Бұйымдардың жасалу барысымен таныстырып өтсеңіз…

– Қой жүнін Катонқарағай ауданындағы шаруалардан және Тараз қаласындағы арнайы зауыттан сатып аламыз. Жүнді сумен шайып алғаннан кейін, оны қамыр сияқты илеп, басамыз. Сөйтіп киіз дайын болады. Содан соң көне әдіспен киізден текемет, құрақ жасап, заман талабына сай әрлейміз. Сонымен қатар тәпішке, сөмке, әр түрлі гаджеттердің қаптарын әзірлейміз.

– Тапсырыстар қаншалықты жиі болып тұрады?

– Жұмысты бастар алдында біршама қиындықтар болды. Бүгінде соның барлығы артта қалып, кәсібімізді дөңгелетіп алып кеттік. Қазір жұмыс орнында бос отырып қалатын сәт өте сирек кездеседі. Глубокое ауданындағы шеберханамызға келіп тұратын тұтынушыларымыз аз емес. Онымен қоса Алматы, Костанай, Маңғыстау жерлеріне тауарларды тапсырыс бойынша тасымалдап отырамыз. Еліміздің түкпір-түкпірінен ғаламтор арқылы да тапсырыс беретіндер көп. Табысымыз шығынды ақтап тұр.


– Алға қойған жоспарыңыз қандай?

– Қазақстанның қала, аудандарын іссапармен жиі аралап, әртүрлі жәрмеңкелерге қатысып жүремін. Байқағаным, Өскеменде нақты ұлттық бұйымдар сататын стационарлы нүкте жоқ. Осындай бір дүкен ашқым келеді. Сонымен қатар «Dedeman» қонақ үйіне шет мемлекеттерден келген туристерге қазақ халқының ұлттық үлгідегі керек-жарақтарын ұсынбақ ойым бар. Мұның өз брэндтерімізді күллі әлемге насихаттауға мүмкіндік сыйламақ.

– Сұхбатыңызға көп рақмет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT