Таспихов штабы кітапхана ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте сайлау күні таяған сайын үгіт-насихат жұмыстары да қыза түсті. Кандидат Аманкелді Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша аймақтық штабының мүшелері мен сенімді өкілдері кітапхана қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана еңбек ұжымымен өткен жиынға 40 адам қатысты. Сондай-ақ, Түркістан облыстық спорт, ақпарат және мәдениет кәсіподақтар ұйымының төрағасы Бастарбек Пірімбетов ұжымға Аманкелді Таспиховтың өмірі мен еңбек жолы туралы айтып, сайлауалды тұғырнамасын таныстырып өтті.

Қауіпсіз еңбек жағдайы, жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша үміткер ұсыныстары ортаға салынды. Тұғырнамаға сүйене келе үміткердің сенімді өкілі Бастарбек Пірімбетов еңбек адамдарына лайықты еңбекақы төленумен бірге олар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасау өте маңызды шарт. Өйткені, адам өмірі мен денсаулығынан артық ештеңе жоқ.

Сондай-ақ, белсенділер алдағы сайлаудың ел болашағы үшін өте маңызды екенін ескеріп, бірауыздан сайлаудан тыс қалмай қатысуға шақырды.

Кітапханашылар тарапынан түскен сауалдар да аз болмады. Кітапханашы Назгүл Еспанова еліміздегі білім мен медицина саласын жаңа сатыға көтеруге қатысты сауал жолдады. Кітапхана қызметкері Алтынай Умирова әйелдер үшін зейнет жасын қысқарту жөнінде сұрақ қойды. Белсенді топ бұл қойылған сұрақтардың орынды екенін айтып, ұсыныстардың кандидат қарауына жолданатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар