Тасқын сумен күресу үшін Аршалы ауданына қосымша күштер жіберілді-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көктемгі су тасқынымен күресу үшін Аршалы ауданына Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ, Қарағанды облысынан әскери бөлімнің күштері көмекке жіберілді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствонның мәліметінше, су тасқыны бойынша жағдай қазір Целиноград, Аршалы аудандарында күрделеніп отыр. Есіл өзенінің арнасына ағын судың ұлғаюы, сондай-ақ Астана су қоймасынан секундтына 350 текше метр су ағызылуы №42 Разъезд стансасы және Жібек жолы ауылы көшелеріндегі елді мекендерді су басу қаупі пайда болды.

Қазіргі кезде, бұл елді мекендерде құтқарушылар су тасқынын болдырмау үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

«Астана су қоймасынан ағын судың артуына байланысты Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының 8-ші шағын ауданы үшін қауіп туындап отыр. Осыған байланысты Азаматтық қорғаныс полкінің 52 859 әскери бөлімі күштерінің жеке құрамынан 50 адам, сонымен қатар 3 бірлік техника жіберілді. Сондай-ақ, ТЖД Ақмола гарнизонының күштерінен 30 адам, 3 бірлік техника, 4 мотопомпа күштері біріктірілді. Қазіргі уақытта Жібек жолы ауылының айналасындағы қоршауды нығайту үшін құм салынған қаптар төселіп жатыр», - дейді Ақмола облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Сонымен бірге, Аршалы ауданындағы жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар 6550 қапқа инертті материалдарды толтырып, 3200 қап төседі, 6720 текше метр су сорды. Осында ТЖД бастығының басшылығымен штаб орналастырылды.


Соңғы жаңалықтар