Тасқын судан зардап шеккен атбасарлықтарға тоңазытқыштар үлестірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Атбасар қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету жалғасуда. Бүгін тасқын судан зардап шеккендерге 25 жаңа тоңазытқыш жеткізілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы қайырымдылық шарасына "Қазақстан Инжиниринг" компаниясы қолұшын созып отыр.
null

Компанияның баспасөз қызметінің мəліметіне қарағанда, тұрмыстық техникалар көктемгі су тасқынынан зардап шеккен зейнеткерлер мен мүгедектерге үлестірілген. Сонымен қатар, атбасарлықтарға естелік сыйлық ретінде ыдыс аяқтар мен фирмалық монеталар тапсырылды.

Жалпы, Ақмола облысы бойынша көктемгі су тасқынының салдарынан зардап шеккендерге қаржылай, материалдық көмек көрсету мақсатында ашылған арнайы есепшотқа 82 миллион теңгеден астам ақша түскен. 

Соңғы жаңалықтар