Тасқын су Целиноград ауданындағы Талапкер ауылын жағалап кетті
Хабарламада: «Есіл,Нұра, Сарқырама, Қарасу және Мұқыр өзендерінен ағып келіп жатқан су бір толастар емес. Қазір аталған елді мекенде апатты-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілуде.Оған жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке кәсіпкерлерде көмек қолын созуда. Қауіпті аймақта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Арнайы техникалардың барлығы қауіпті деген жерлерде жұмыс істеуде», - деп жазылған.
Су тасқынын алдын алу жұмыстары жалғасуда, әсіресе жаңа бөгет нығайтылып, екі арнаның айрығы кеңейтілді, сондай-ақ, 4 өрт-су сорғыш станциясы кідірссіз жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі күні су тұрғын үйлерге жеткен жоқ. Сондықтан, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілмеді.
Су тасқынын алдын алу мақсатында ұзындығы 80 метр, ені 6 метр шамасында өзен айырығына құм төселіп, 13716 текше метр су сорылып, сыртқа шығарылды.
«Қазір бұл қауіпті аймаққа 25 КамАЗ жүк көлігі мен 1 экскаватор және басқа да техникалар тартылып, жедел медициналық көмек көрсету қызметі кезекшілік етуде. Астана қаласының ТЖД да қосымша күштер жұмылдырылған»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.