«Таскескен-Бахты» тасжолы биыл аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Таскескен-Бахты» (ҚХР шекарасы) автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың соңында басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазақАвтоЖолға» сілтеме жасап хабарлайды.

Жоспар бойынша жолшылар ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20 шақырым жол учаскесін жаңартуда.

Аталмыш учаскедегі жұмыстарға 83 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 151 адам жұмылдырылған.

Бүгінде нысанда бұрғылау, жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар жолдың жоғарғы қабатына асфальт-бетон жабынын төсеуде. Алдағы уақытта темір-бетон құбырларын орнату, Таскескен ауылында «Жол эксплутациялық пунктін» жөндеу жұмыстары басталады.

Биыл учаскедегі жұмыстар толық аяқталып, қолданысқа берілмек.

null

Соңғы жаңалықтар