Тасқалалық ардагерлер Елбасы құттықтауын алды - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Петр Трубач, Рахым Сүндетбаев, Сағындық Ілиясов және Рабиға Зайнуллинаның шаңырағында болып, Елбасының құттықтау хаты мен жаңажылдық сыйлығын табыс етті.

Аудан басшысы ардагерлермен емен-жарқын әңгімелесіп, Елбасы тапсырмасына сәйкес Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай майдангерлерге жасалып отырған қамқорлық пен атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті.

Майдангерлер жаңа жыл алдында өздеріне көңіл бөліп, арнайы құттықтағаны үшін Президентке шынайы алғысын білдірді. Елдің амандығын тілеп, ақ баталарын берді.

Соңғы жаңалықтар