Ташкенттен Алматыға бет алған ұшақтағы жеті жолаушы жарақат алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Air Astana әуекомпаниясы таратқан мәліметке қарағанда, бүгін KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін әуекомпания Ташкент-Алматы бағыты бойынша KC 128 рейсін орындады.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшып шыққан. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына түсті.

Алдын ала ақпарат бойынша, жеті жолаушы түрлі жарақат алған.

Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті, ал ұшқыштар болған оқиға жөнінде әуежай қызметіне хабарлаған.

Әуе лайнері Алматыға 16.45-те қонды. Әуежайда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көлігі жолаушыларды күтіп алды.

«Авиакомпания оқиғаға қынжыла отырып, рейс жолаушыларына қажет бүкіл көмекті көрсетеді. Аталған факті бойынша уәкілетті органдар тергеу жүргізеді» деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар