Ташкенттен Алматы мен Астанаға ұшатын әуе рейстері көбейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан былай Ташкенттен аптасына Алматыға 10 рет, Астанаға 7 рет ұшуға болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 17 отырысы кезінде ҚР Инвестициялар және даму министір Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Былтыр біз Астана мен Ташкенттің ортасында аптасына 4 рейс, Алматы мен Ташкенттің арасында 7 рейс болатындай (авиарейс) өзбек тарапымен келіскенбіз. Енді осы келісімде аптасына Алматы мен Ташкенттің арасында 10 рейс, Астана мен Ташкенттің ортасында 7 рейс болатын болды», - деді министр.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, пойыз тасымалы бойынша да екі ел келісімге келген.

«Пойыз бойынша айтарым. Аптасына бұрын Алматы - Ташкент арасында пойыз екі рет жүріп тұратын. Осыдан былай екі аралықта үш рет қатынайтын болды. Тұрақты автобус бұдан былай тек Ташкент пен Шымкент арасында емес, Ташкенттен Астана мен Алматыға да шығатындай келісіп отырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетсек, екі елдің үкіметаралық комиссиясының 17 отырысында бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Өзбекстан тарапынан ӨР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов екі елдің арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссиясының 17 отырысының хаттамасына қол қойды.
null 

Соңғы жаңалықтар