Ташкенттегі құрылыс алаңында 4 адамды металлқұрылым басып қалды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте құрылыс алаңында қайғылы оқиға болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан Республикасы ТЖМ алдын ала мәліметіне сәйкес, 28 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:18-де Ташкент қаласының Алмазар ауданының Нурафшон көшесіндегі жаңа Riviera сауда орталығының құрылысын жүргізіп жатқан шақта металл құрастырылымы құлап түскен.

Салдарынан 4 адам мерт болып, екеуі жарақаттанды. Оқиға орнында ТЖМ және қалалық қызмет өкілдері жұмыс жасап жатыр.

«Оқиға жайында толық ақпарат сәл кейінірек беріледі», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар