Ташкенттегі құрылыс алаңынан екі снаряд пен екі миномет табылды

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Ташкент қаласының «Яккасарай» ауданындағы құрылыс алаңынан оқу-жаттығуларға арналған снарядтар мен минометтер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық IIББ оқиғаға қатысты ресми ақпаратында, 2021 жылдың 27 желтоқсанында 102 нөміріне Қашқадария облысында туған 26 жастағы Ш.Т. есімді азаматттан хабар келіп түскен. Оның дерегінше, танысы 29 жастағы А.М. есімді кісімен бірге «Яккасарай» ауданында салынып жатқан нысан аумағынан күдікті, артиллерияға ұқсайтын тот басқан заттар тауып алған. Содан кейін жедел қызметке хабарлаған.

Аталған мекенжайға Ташкент қалалық ІІББ қызметкерлері ІІМ арнайы мамандарымен бірге келіп, тексеріс кезінде табылған заттар оқу-жаттығу кезінде пайдалануға арналған 115 мм екі оқу снаряды және екі 82 мм оқу минометі екені анықталған.

Осы жағдайға байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар