Ташкентте және он облыста 5 баллдық жер сілкінісі болды

Фото:
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте және басқа қалаларда тағы да қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Uznews агенттігіне сілтеме жасап.

Эпицентрі Тәжікстанда орналасқан зілзала Ташкент уақыты бойынша 01:07 кезінде болды. Магнитудасы - 6,5 балл.

Өзбекстан аумағындағы жерасты дүмпуінің қуаты:

Ташкент: 5 балл

Сырдария облысы: 5 балл

Ферғана облысы: 5 балл

Жизақ облысы: 5 балл

Наманган облысы: 4-5 балл

Самарқанд облысы: 4-5 балл

Әндіжан облысы: 4-5 балл

Сухандария облысы: 4 балл

Қашқадария облысы: 4 балл

Науаи облысы: 4 балл

Бұхара облысы: 4 балл.

Еске сала кетейік, бүгін аталмыш жер сілкінісі Қазақстанның үш өңірінде сезілген болатын.


Соңғы жаңалықтар