Ташкентте ТМД Ішкі істер министрлері Кеңесінің отырысы өтті

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Өзбекстан астанасы - Ташкент қаласында ТМД қатысушы мемлекеттері Ішкі істер министрлері Кеңесінің (ІІМК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, отырысқа Достастық елдері ішкі істер министрліктерінің/полицияның, ТМД қатысушы-мемлекеттер аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру бюросының (ТМД ҰҚҚКБ), Атқару комитетінің, сондай-ақ ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығының басшылары қатысты.

Шараға Қазақстаннан Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев бастаған ІІМ делегациясы барды.

«Отырысқа қатысушылар ТМД мемлекеттері ІІМ-нің (Полиция) жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру және өз елдеріндегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы ынтымақтыстық пен өзара іс-әрекеттерінің басты мәселелері мен қылмысқа қарсы күрес бойынша мемлекетаралық бағдарламаның орындалу барысын талқылады. Кеңес мүшелері Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттері ішкі істер министрліктерінің (Полицияның) 2030 жылға дейінгі басты ұстанымдарын, міндеттерді, ынтымақтастық бағытын анықтайтын ынтымақтастық Тұжырымдамасын және жаңа кезеңдегі ТМД қатысушы мемлекеттері ІІМ-нің өзара іс-әрекеттерінің үлгісін мақұлдады», - делінген министрлік мәліметінде.

Кеңес Бірыңғай тәртіпті, сондай-ақ кешенді келісімдерді және ТМД қатысушы-мемлекеттері ІІМ-нің жедел алдын алу шараларын өткізу Тәртібін бекітті.

Делегация басшыларын Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёев қабылдады. Ол өз кезегінде ішкі істер министрліктерінің/полицияның ТМД аясындағы қылмыспен күресте одан әрі ынтымақтастықтың қажеттігіне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар