Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдердің халық әуендері орындалды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 21 жыл толуына орай «ШЫҰ халықтарының музыка кеші» концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШЫҰ-ға мүше елдердің ұлттық әуендері өзбек нақышында орындалды.

«Музыка әр халықтың дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл әуендер тыңдарманның жүрегіне жылы сезім ұялатады. ШЫҰ халықтарының музыкалық өнері және мәдениетімен етене танысу – елдер арасындағы достықты нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз», - деп атап өтті ШЫҰ-ның Халық дипломатиясы орталығының баспасөз қызметі.

Өзбекстанның мемлекеттік филармониясы залында «Согдиана» ұжымы қазақтың ұлы композиторы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
Сондай-ақ, Хадиша Имомназорова Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқады.


Соңғы жаңалықтар