Ташкентте сайлау учаскесі ашылды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте Өзбекстандағы ҚР Елшілігі жанынан №267 сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Сайлау учаскесі жұмысын жергілікті уақытпен сағат 07:00-де бастады. Қазақстандық дипломаттар, сондай-ақ жергілікті сайлау учаскесінің мүшелері еліміздің әнұранын орындай отырып, учаске жұмысын салтанатты түрде ашты.null

№267 сайлау учаскесінде дауыс берген алғашқы Қазақстан азаматтарына ескерткіш сыйлықтар табысталды. Аталған сайлау учаскесінде Өзбекстан аумағында уақытша тұратын ҚР азаматтары дауыс бере алады.null null

Авторы Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар