Ташкентте ойын-сауық орталықтары, саябақ пен дүкендердің жұмысына қойылған шектеу алынды

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасында күн жылынып, электрмен жабдықтау мәселесі жақсаруына байланысты ойын-сауық орталықтары, саябақ пен дүкендердің жұмыс уақытына қойылған шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ташкент әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, күн райы қатты суытып кетуіне байланысты қала әкімшілігі 16 қаңтардан бастап тұрғындарды электр энергиясы және газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық сауда және қызмет көрсету орындары, ойын-сауық орталықтары мен саябақтардың жұмыс кестесін қысқартуды (10:00-нан 17:00-ге дейін) ұсынды.

Тек азық-түлік дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы өзгеріссіз қалған болатын.

«Ауа температурасы жоғарылап, жағдай тұрақталғандықтан барлық мекеме қызметін қалыпты режимде жалғастыра алады», - деп хабарлады астана әкімшілігі.

Бұған дейін биыл Өзбекстанда қыс өте суық болып, ел энергия дағдарысына ұшырағаны хабарланған.

Өзбекстан басшысы қысқа нашар дайындалған бірқатар лауазымды шенеунікті қызметінен босатты.

Ұзаққа созылған аяз және республика астанасы мен өңірлердегі коммуналдық жүйе жұмысының күрделі мәселелеріне байланысты жылыту орындары мен далалық-әскери асхана ұйымдастырылды.

Тұрғын үй қоры энергиясының тиімділігін арттыру мақсатында Өзбекстан үкіметі 30 мыңнан аса көпқабатты үйді базальт жабынмен жылытып, оларды энергияның балама көздеріне ауыстыруды көздеп отыр.


Фото: pikabu.ru

Соңғы жаңалықтар