Ташкентте Мирзо Улугбектің тапсырмасы бойынша жасалған бірегей қолжазба таныстырылды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте «Өзбекстанның мәдени мұрасы – жаңа Ренессанстың негізі» V Халықаралық конгресі аясында ұлы билеуші және ғалым Мирзо Улугбектің тапсырысы бойынша арнайы жасалған көне манускриптің факсимильді басылымы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Қозғалмайтын жұлдыздар кітабы» астрономиялық еңбегі - бұл ерекше математик, астроном және ағартушы ғалым Мирзо Улугбектің бұйрығымен жасалғандығы туралы сөзсіз дәлелдерден тұратын ерекше қолжазба. Қолжазбаның түпнұсқалығы мен тарихи құндылығы күмән тудырмайды - онда Цефей шоқжұлдызы түріндегі Мирзо Улугбек бейнеленген миниатюра, алтын сиямен жазылған дөңгелек жазулар және «тақтағы ғалым» кітапханасының басқа да белгілері бар.

Бұл ежелгі қолжазбаның факсимилесін аустриялық Mueller&Schindler баспасы Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі дүниежүзілік қоғаммен бірлесіп жасаған.

Еңбектің авторы ¬- Χ ғасырдың атақты астрономы және астрологы Абд ар-Рахман ибн Омар ас-Суфи. Ортағасырлық астрономияда «Қозғалмайтын жұлдыздар кітабы» шын мәнінде дәуірлік жұмысқа айналды және өзінің астрономиялық кестелерін жасау үшін жұмыс істеген ғалым Улугбекке көмек болды. Бұл қолжазба Мирзо Улугбекке тиесілі және оның қолымен жасалған жазбалар бар. Қолжазбаның түпнұсқасы Францияның Ұлттық кітапханасында сақтаулы.

«Біз Францияның Ұлттық кітапханасымен бірінші жыл бірге жұмыс істеп жатқан жоқпыз, «Қозғалмайтын жұлдыздар кітабы» факсимилесі - бұл біздің әріптестігіміздің нәтижесіне айналған екінші басылым. Факсимильді басылымдардың құндылығы - түпнұсқа қолжазбаның қандай екендігін жүз пайыз көрсете алады», - деді Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі дүниежүзілік қоғамның басқарма төрағасы Фирдавс Абдухаликов.


Соңғы жаңалықтар