Ташкентте ковид-емханалар қайта ашыла бастады
2022 жылғы 25 маусым 17:29

Ташкентте ковид-емханалар қайта ашыла бастады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасында COVID-19 жұқтырған науқастарға арналған арнайы емханалар жұмысын қайта бастады. Тиісті шешімді Ташкенттің хокимі Джахонгир Артыкходжаев қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алуға, науқастарға білікті медициналық көмек көрсетуге, аудандардағы мамандандырылған емханалардың қызметін қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастыруға бағытталған шұғыл профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында емханалар жұмысы қайта жандандырылды», - делінген құжатта.

Емханалар Ташкенттің 12 ауданында ашылады. Олар коронавирус инфекциясы анықталған, бірақ ауру асимптоматикалық немесе жеңіл түрде жүретін пациенттердің денсаулық жағдайын бақылаумен және оларға амбулаториялық немесе үйде медициналық қызмет көрсетумен айналысады. Емханалар рентген аппараттарымен, оттегі конденсаторларымен, пульсоксиметрлермен, ПТР-тесттермен, қажетті дәрі-дәрмектермен, шығыс материалдарымен және дезинфекциялық ерітінділермен жабдықталған. Мамандандырылған ковид-емханалар 2021 жылдың шілдесінде COVID-19 пандемиясының өршуі кезінде пайда болды.

Бұған дейін Өзбекстанда коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады деп хабарланған болатын.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT