+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ташкентте қоғамдық көлікте маскамен бірге медициналық қолғап киіп жүру міндеттелді

2020 жылғы 18 қазан 18:04
Бөлісіңіз:
Ташкентте қоғамдық көлікте маскамен бірге медициналық қолғап киіп жүру міндеттелді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда қоғамдық көлікте маска ғана емес, медициналық қолғап кию міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның көлік министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты түрлі маусымдық инфекциялардың таралуына жол бермес үшін, сонымен қатар жолаушылардың денсаулығын қорғау мақсатында Көлік министрлігі Ташкент қаласында қоғамдық көлікте (метро, автобус, такси) медициналық маска және қолғап киіп жүру режимі енгізілетінін хабарлайды. Жолаушылар санитарлық ережелерді және карантин талаптарын қатаң сақтауы үшін инспекторлардан, құқық қорғау органдары және жол қозғалысы қауіпсіздігі департаментінің қызметкерлерінен құралған арнайы жұмыс тобы қоғамдық көлікте қатаң тексеру жүргізеді. Көлік инфрақұрылымы нысандарында және қоғамдық көлікте бақылау күшейтіледі» делінген министрлік хабарламасында.

19 қазаннан бастап жолаушылар қоғамдық көлікте медициналық маска және қолғап киіп жүруге тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT