Ташкентте қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте қоғамдық көлік пен маршрутты такси қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирустың таралуына қарсы арнайы республикалық комиссияның шешіміне сәйкес, 22 наурыздан бастап қалада метро, автобус және маршрутты такси секілді қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды.

Қоғамдық көліктің орнына қалалық санитарлық-эпидемиологиялық орталық дезинфекциялаған арнайы такси жүреді.

Рейске шыққан әрбір таксиге күн сайын дезинфекцияланғаны туралы анықтама беріледі.


Соңғы жаңалықтар