Ташкентте кейінгі 50 жылдағы ең суық ауа температурасы тіркелді

Фото:
ТАШКЕНТ. УзА-ҚазАқпарат – Ташкент қаласында 13 қаңтар күні -19,8 градус суық тіркелді. Бұл – Өзбекстан астанасындағы кейінгі жарты ғасырдағы ең суық температура, деп хабарлайды ҚазАқпарат «УзА» агенттігіне сілтеме жасап.

«Узгидромет» ақпарат қызметінің хабарлауынша, бұған дейін 2007-2008 жылдың қыс айларында Ташкентте температура -17,4 градусқа дейін төмендеген. Қазіргі суық антициклон 2008 жылдың қысындағы антициклоннан күшті болып тұр.

Республика бойынша ең төмен температура Қарақалпақстанда тіркелген, яғни өткен ғасырдың 70-жылдарындағы -40 градусқа дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар