Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастық мәселелері талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Ташкент қаласында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ерік Өтембаевтың Кәсіпкерлік және іскерлер қозғалысы - Өзбекстанның либерал-демократтық партиясы төрағасының м.а. Бахтиер Якубовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дипломат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі қағидаларын атап өтіп, сұхбаттастың назарын біздің еліміздегі ауқымды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы бойынша түбегейлі шараларды болжайтын жаңа бес бастамаға аударды.

Бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына міндетті түрде үлес қосатын «Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» туралы сөз қозғай отырып, Е.Өтембаев оны ортақ істермен одан әрі толықтыру бойынша жұмысты күшейтуге ұсыныс білдірді.
null

Тараптар аймақтық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі елдің барлық облыстары қатысатын ағымдағы жылдың күзінде Астанада өтетін Өңірлер форумын талқылады.

Сонымен қатар, елші басым міндеттердің ішінде жастар саясатын күшейту бойынша жұмыстарды, сондай-ақ жастар экстремизмінің алдын-алу үшін жүргізілетін жұмыстардың тиімді әдістері мен нысандарын қолдану қажеттілігін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты мәселелер кешенін де толықтай талқылады, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастық, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы мен Өзбекстанның либерал-демократтық партиясы арасындағы қарым-қатынас пен Астана қаласына сапар ұйымдастыру мәселесі де қарастырылды.

Өз кезегінде, Б.Якубов аталған ұсыныстардың барлығын қолдады, сондай-ақ тұрақты диалог орнату және тәжірибе алмасу қажеттілігіне назар аудара отырып, қазақстандық әріптестермен серіктестікке ниетті екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар