Ташкентте қазақ-өзбек оқымыстылары экономика, ғылым, мәдениет тақырыптарын талқылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының 30 жылдық мерейтойының аясында «Өзбекстан қазақтары: экономика, ғылым және мәдениет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференция Өзбекстан Министрлер кабинеті құзырындағы ұлтаралық қатынастар және шет мемлекеттермен достық байланыстар комитеті төрағасы Рустамбек Курбанов пен М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің ғылыми жұмыстар және инновациялар бойынша проректоры Хикмат Сабуровтың кіріспе сөздерімен басталды.

Бұл шараға Қазақстаннан келген «Отандастар қоры» ҚеАҚ делегациясы мен Қазақстандағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры және Өзбекстан ұлттық университетінің құрамындағы доценттер қатысты.

Ұйымдастырылған конференцияда «Орталықтың 30 жылда атқарған игі шаралары», «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ыңтымақтастықтың келешегі», «Қазақстан халықтары Ассамблеясының ұлтаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» мен «Шет мемлекеттермен достық байланыстарда қандастардың орны» атты тақырыптар қозғалды.

Жиын барысында «Отандастар қоры» ҚеАҚ-ның президенті Абзал Сапарбекұлы қазақ ұлттық мәдени орталығын 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, барша өзбек ағайындарға өз алғысын білдірді.


Соңғы жаңалықтар