Ташкентте 150 жылдағы ең ыстық ауа температурасы тіркелді

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Ташкент қаласында 5, 7 және 8 шілдеде соңғы 150 жылдағы ең ыстық ауа температурасының рекордты деңгейі жаңарды. Бұл туралы ҚазАпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

«Узгидрометтің» хабарлауынша, Өзбекстан астанасында ауа температурасы 150 жыл бойы үнемі бақылауда. Климаттың өзгеруі нәтижесінде ғаламдық жылыну үдетті. Бұл түнде де температураның көтерілуінен айқын көрінеді.

Түнгі температураның жоғарылауы жылу мен басқа ластаушы заттардың ауаға көп шығарылуынан, яғни парниктік эффект процесінде туындайды. Парниктік эффект жаһандық жылынуды тудырады және күн бойы ауа температурасының максималды және минималды мәндері арасындағы айырмашылықты азайтады. Бұл өз кезегінде ауаның орташа тәуліктік температурасының жоғарылауына әкеледі.

1881 жылы 6 шілдеде Ташкентте осы күннің абсолютті рекорды орнаған (+44,1 градус). Алайда, сол кезде ауаның орташа тәуліктік температурасы әлдеқайда төмен болды (+28,1 градус). 2021 жылы 6 шілдеде ауаның максималды тәуліктік температурасы рекордтық көрсеткіштен (+41,5 градус) әлдеқайда төмен болғанымен, ауаның орташа тәуліктік температурасы 1881 жылғы ауаның орташа тәуліктік температурасынан шамамен 5,5 градусқа жоғары байқалды.

Еске салсақ, маусым айында Өзбекстанда соңғы 80 жыл ішінде абсолютті максимал температура байқалған болатын. Салдарынан Ташкент метросының жер үсті желісіндегі пойыздар жылдамдығы шектелді.



Соңғы жаңалықтар