Ташкентке AstraZeneca вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Ташкент қаласының әуежайына AstraZeneca вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Өзбекстан COVAX бағдарламасының аясында аталған вакцинаның 2256 дозасын алуға ниетті. 660 мың дозаны құрайтын бірінші партия бүгін жеткізілсе, екінші партия мамыр айында күтіліп отыр.

«AstraZeneca вакцинасы басқа елдерде сынақтан өтіп болғандықтан, Өзбекстанда оны тексеру ең қысқа мерзім – бір апта ішінде өтеді. Вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеңес еткен 3 вакцинаның бірі болып табылады. Препарат бірінші кезекте 16 жастан асқан балаларға егіледі. Аталған партия өзбекстандықтардың 3 пайызын қамтиды», - деп нақтылады ӨР Денсаулық сақтау министрлігінен.

«ДДСҰ AstraZeneca вакцинасын төтенше жағдайда қолданылатын екпелер тізіміне кіргізді, бұл оны COVAX арқылы жаһандық деңгейде таратуға мүмкіндік берді. Өзбекстан AstraZeneca вакцинасын қолданатын 49-шы ел болып табылады. Вакциналардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету – ДДСҰ-ның ең жоғары басымдықтарының бірі», - деп атап өтті ДДСҰ-ның Өзбекстан еліндегі өкілі Лианн Куппенс.


Соңғы жаңалықтар