Ташкент зообағында анасы қызын аю қамалған торға лақтырып жіберді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкент зообағында анасы 3 жасар қызын аю орналастырылған торға лақтырып жіберді. Бұл туралы ҚазАқпарат uzreport порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Хайуанаттар бағының мәліметінше, келушілер мен мекеме қызметкерлерінің әрекетіне қарамастан, әйелді тоқтату мүмкін болмаған.

Кавказдық қоңыр аю Зузу қазылған орға асықпай түсіп, қыздың жанына келіп, иіскеген. Кейін бұрылып, кетіп қалған. «Жабайылар» бөлімінің қызметкерлері аңның назарын өздеріне аудартып, оны ішкі бөлмеге кіргізіп алған.

«Тордан шығарылған сәбиді бірден зообақ медбикесі қарап шыққан. Қыз бала тек 5 метрге жуық биіктіктен құлағаннан зардап шеккен. Бастапқы тексеру кезінде соққы алғаннан басқа қандай да бір жарақаттар анықталған жоқ», - делінген зообақ ақпаратында.

Қазір бала дәрігерлердің бақылуында.

Аюдың баланы азық ретінде қабылдағанында оқиға немен аяқталатынын ойлау өте қиын.

Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ӨР Бас прокуратурасынан.


Соңғы жаңалықтар