Ташкент метросы құрылысындағы апат: 5 адам қаза тапты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында салынып жатқан Юнусабад метрополитен желісінде толассыз жауған жауын-шашыннан 250 текше метр топырақ опырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Telegram-дағы Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

ТЖМ, Ташкент қаласы хокимияты мен мердігер құрылыс компанияларының күштерімен оқиғаның зардабын жою бойынша шаралар қабылдануда.

Қазіргі таңда зардап шегушілер мен залал туралы деректер нақтыланып, оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Өзбекстан Республикасы ТЖМ Telegram-дағы каналында қаза тапқандардың тізімін жариялады:

Ж. Равшанов - 1989 ж.

Т. Абдуллаев - 1957 ж.

Д. Абдуллаев – 1999 ж.

А. Диёров– 1986 ж.

И. Рахматов– 1996 ж.

Видео и фото: Gazeta.uz
Соңғы жаңалықтар