Ташкент «Көшпенділер жолы» мотошеруіне қатысушыларды қарсы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азия елдері аумақтарын басып өтетін «Көшпенділер жолы» халықаралық мотошеруі Ташкентке жетті. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Халықаралық мотошеру дәстүрге орай Бішкектен бастау алды. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері аумағын артқа тастайтын мотокеруен Ыстықкөлде шеруді аяқтайды.

Орталық Азия мотоциклшілер қауымдастығының төрағасы Асхат Сейітбековтің айтуынша үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шеру ежелгі Ұлы Жібек жолының бойымен өтеді.
null 

«Шеруді ұйымдастырудағы басты мақсат - Орталық Азия мотоциклшілерінің арасындағы достық пен бауырмалдықты нығайту. Биыл оған Ресейден Мәскеу, Томск, Түмен, Новосібір; Қазақстаннан Астана, Алматы, Қызылорда, Байқоңыр қалаларының, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстанның өкілдері қатысып отыр», - деді ол.

null 

Соңғы жаңалықтар