Ташкент Қазақстан Президентінің сапарына қызу дайындалуда

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары қарсаңында Ташкент қаласының көшелерін арнайы баннерлермен және символикамен безендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан астанасының бас көшелерінде қазақ және өзбек тілінде жазылған баннерлерді көруге болады. Онда «Аса құрметті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстанға қош келдіңіз!» деген тілектер бар. Бұдан бөлек, көшенің бойымен екі елдің туларын іліп қойды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Өзбекстандағы Қазақстан жылы ресми түрде ашылады. Сол жерде еліміздің мәдениет қайраткерлері мен танымал әртістері өнер көрсетеді.
null null

Ал Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы дала: тарих мен мәдениет» атты көрме ашылды. Ол жерге Қазақстанның символы - Алтын адам қойылды.

Сондай-ақ, Өзбекстанның ресми ақпараттық агенттігі тұңғыш рет қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосты. Аталған агенттік ресми мемлекеттік ақпарат көзі әрі елдегі жетекші ақпарат агенттігі болып саналады. ӨзА өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб, қытай тілдерінде ақпарат таратады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы бастамаға қатысты пікір білдірген еді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы "ӨзА" ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат беріп, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму келешегі, қол жеткізілген нәтижелері жайында айтып берген болатын.

null null null
null
null null null

Соңғы жаңалықтар