Ташкент қаласындағы білім орындарында оқу 23 қаңтарда басталады

None
ТАШКЕНТ. УзА-ҚазАқпарат – Ташкент қаласының әкімдігі мектеп, лицей, колледж, сондай-ақ жоғары оқу орындарында оқу 23 қаңтардан басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «УзА» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, бұған дейін 18 қаңтардан оқу үрдісі басталатын Бұхара, Әндіжан және Хорезм облыстарындағы барлық оқу орындарында сабақ 23 қаңтарда басталатыны хабарланды.

Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен ІІІ тоқсанды бастау мәселесі бойынша жиын өткізіп, жергілікті әкімдіктер оқу орындарының дайындық жағдайын тағы бір мәрте талдау қажеттігін айтқан.

«Қазіргі уақытта ауа райы тұрақталғанша оқушыларды уақытша онлайн оқыту жүйесіне көшіру мәселесі қарастырылып отыр», - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Өзбекстанда ауа райына байланысты Сұрхандария және Қашқадария облыстарының барлық білім беру ұйымдарында қысқы демалыс 18 қаңтарға дейін ұзартылған болатын.

Айта кетсек, Қырғызстанның 5 облысында балабақшалар жабық, ал 4 облыста мектеп оқушылар онлайн оқып жатыр. Бұл туралы «Кабар» агенттігін Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Фото: uza.uz



Соңғы жаңалықтар