Ташкент әуежайында бір әйелден ірі сомадағы жалған валюта табылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Тошкент-Аэро" мамандандырылған кеден кешенінің мамандары ірі сомадағы жалған валютаны алып өтуге байланысты кедендік құқық бұзушылықты әшкереледі, деп хабарлайды uza.uz. 

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Ыстанбұлдан келген Э.А. есімді азаматшаның жүк сөмкесін тексеру барысында аяқ-киім қорабына жасырылған 20 мың АҚШ доллары табылды. Бұл валюта жолаушының кеден декларациясында көрсетілмеген және кеден қызметкерлері ауызша сұраған кезде бұл туралы мәлімделмеген.

Кедендік тексеру барысында валютаның жалған екені анықталды. Э.А.тергеу барысында бұл ақшаны Ыстанбұлдағы белгісіз біреудің өтініші бойынша алып келгенін растады. Енді ол өзінің сенгіштігі үшін жауап беретін болады. Қазіргі таңда осы факті бойынша оған қатысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің сәйкес бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар