USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Тас жолда қарама-қарсы жүріп, жүргізуші құқығынан айырылды

2018 жылғы 6 қараша 16:55
Бөлісіңіз:
Тас жолда қарама-қарсы жүріп, жүргізуші құқығынан айырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әл-фараби даңғылымен қарама-қарсы жүрген Әкім Қуанышқа көлік тізгіндеуге тыйым салынды. Әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты осындай шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 қазанда түнгі 23.30 шамасында «Мерседес» тізгіндеген Әкім Қуаныш Әл-фараби даңғылы мен Назарбаев даңғылында жол ағынына кері бағытта жүрген.

Жауапсыз жүргізуші қатардан қатарға ауысқанда, өзге көліктерді жолдан ығыстырып, апаттық ахуал туғызған.

Сот басталғалы бері сотталушы отырысқа екі рет келем деп уәде беріп, төбе көрсетпеген.

Сот Әкім Қуанышты ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімімен, 606-бабының 2-бөлімімен айыпты деп тауып, 1 жылға жүргізуші құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

Айта кету керек, алматылық Әкім Куаныш биыл мамыр айында ҚР ӘқбК 606-бабының 2-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Мұның алдында Алматы тұрғыны Назар Роллан жол ережесін өрескел бұзып, әлеуметтік желіні шулатқан болатын.

Ол Әл-Фараби және Мұстафин көшелерінің бойынша жол жүру тәртібін бұзып, қарама-қарсы бағытта жүрген.

Сондай-ақ, өзінің әрекетін инстаграм желісінде жариялаған болатын.

Назар Роллан Әкімшілік кодекстің бес бабы бойынша тәртіптік жазаға тартылса да, одан қорытынды шығарған жоқ. Сондықтан, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен бұзақылық ісі бойынша оны 7 тәулікке қамауға алды.

Кейін Алматы полициясы интернет пабликтерінің жұмысын бақылау тобын құрды.

Олар «Instagram» желісіндегі «Nelegal.kaz» паблигін жіті бақылауға алды. Мұнда жазылушылар жол ережесін бұзған сәттерін суретін, видеосын жібереді. 174 жарияланымның ішінде 85 видео мен 89 фото жіті қаралды. Олардың 11-і бойынша әкімшілік хаттама жасалады. 6 оқиға Алматыда болған, оның 5-уі бойынша хаттама толтырылды. Қалғандары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT