Tartyl Fest турнирі мәресіне жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Конгресс орталықта өткен Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық сайысқа 9 жас және салмақ дәрежесі бойынша 170 қазақстандық қатысты.

Финалдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:

Мансұр Уәлиев (Өскемен қ.) - 18 жасқа толмаған 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде;


Егор Ногин (Өскемен қ.) - 18 жасқа толмаған 55-70 келі салмақ дәрежесінде;


Ілияс Мұқышев (Семей қ.) - 18 жастағылар арасында 70 келі салмақ дәрежесінде;


Айбек Қапанов (Қостанай қ.) - 18-30 жас аралығында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде;


Руслан Фатахов (Петропавл қ.) - 18-30 жас аралығында 65-70 келі салмақ дәрежесінде;


Евгений Нам (Тараз қ.) - 30 жастан жоғары 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде;


Евгений Созончук (Өскемен қ.) - 18-30 жас аралығында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде;


Руслан Касманов (Петропавл қ.) - 30 жастан жоғары 80-90 келі салмақ дәрежесінде;


Виталий Бибиков (Қарағанды қ.) - 30 жастан жоғары 90 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз болды.


Соңғы жаңалықтар