Tartyl Fest турнирі Атырауда мәреге жетті: рекорд жаңарған жоқ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Tartyl Fest» турникке тартылудан республикалық фестивалі Атырау қаласында мәреге жетті. Рекордтық көрсеткіш жаңарған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент жанындағы «Dara» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған Атыраудағы фестиваль Сұлтан Бейбарыс алаңында өтті.

Республикалық спорт фестиваліне жергілікті 275 тұрғын қатысты.

Қатысушылардың арасында 6 жасар екі бүлдіршін бар. Оның бірі – Ибрагим Асқарұлы турникке 15 рет тартылып, көрермен қошеметіне бөленді.

Ал, екіншісі – Әбдірахман Есенжан 8 мәрте тартылып, спортқа бейім екенін көрсетті.

Атыраулықтардың арасынан ең үлкен қатысушылардың легін бастаған Бақтығали Қаракөзов турникке 4 мәрте тартылса да, жастардың құлшынысын оятты.

«Турникке тартылу – жас талғамайтын спорт түрі. Зейнеткер болсам да турникке тартылуды әлі тастамай келемін. Бұл жарысқа жастарды жігерлендіру, құлшынысын арттыру үшін қатыстым», -дейді Бақтығали Қаракөзов.

Жарысқа қатысқан 275 атыраулық рекордтық көрсеткішті жаңартуға тырысқан еді. Алайда, бұл мүмкін болмады.

Дегенмен, атыраулықтар турникке 4 917 мәрте тартылды.

Оның ішінде ең үздік нәтиже Амангелді Утеповтің еншісіне жазылды.

Ол турникке екінші кезеңде 33 мәрте тартылып, 80 келіге салмақ категориясында үздік деп танылды.

Ал, Тимофей Хван мен Ақжол Салихадин турникке 32 рет тартылып, 18-35 жастағылар тобында 65 келіге дейінгі салмақта бірдей нәтиже көрсетті.

«Tartyl Fest» турникке тартылу фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1 орын иеленгені үшін 200 мың теңге, 2 орынға – 100 мың теңге, 3 орын үшін 50 мың теңгенің қаржылай сертификатына ие болды. Бірінші орын алған жеңімпаздарға Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйекте өтетін Гранд-финалға жолдама берілді. Гранд-финалда 1 орынға – 3 млн теңге, 2 орынға – 2 млн теңге, 3 орынға 1 млн теңгенің жүлдесі белгіленген.

18 жасқа дейінгілер (55 келі)

1. Данил Пискарев

2. Азамат Асқарұлы

3. Тілеухан Зинел

18 жасқа дейінгілер (55-70 келі аралығы)

1. Ұлан Жайшылық

2. Нұржан Арсен

3. Ерсұлтан Айтекенов

18 жасқа дейінгілер (70 келіден жоғары)

1. Әліби Үрістен

2. Әли Бақтығали

3. Бекнұр Қанатай

18-30 жастағылар (65 келіге дейін)

1. Тимофей Хван

2. Ақжол Салихадин

3. Камил Хасипов

18-30 жастағылар (65-80 келі аралығы)

1. Максим Пономаренко

2. Саламат Сабыров

3. Біржан Аманов

18-30 жастағылар (80 келіден жоғары)

1. Артур Зубарев

2. Нұрлыбек Халидолла

3. Артём Трембач

30 жастан жоғары (80 келіге дейін)

1. Амангелді Утепов

2. Ержан Хабулов

3. Руслан Жакупов

30 жастан жоғары (80-90 келі аралығы)

1. Талғат Берімбаев

2. Асылан Шәкіров

3. Асылхан Дүйсемалиев

30 жастан жоғары (90 келіден астам)

1. Қали Қуаныш

2. Досқали Досқалиев

3. Ыхтияр Қарибов

«Tartyl Fest» турникке тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған еді.

Бұдан кейін аталған фестиваль Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында өтті. Шымкенттегі жарыста Азамат Сапар турникке 41 рет тартылып, рекордтық көрсеткішті жаңартқан болатын.

Ал, Қызылордадағы сайыста 75 жастағы Александр Ким мен 6 жасар балақай Жандәулет Бағдатұлы белтемірге 15 мәрте тартылды.

Қонаев қаласында 10 шілдеде басталған фестиваль 6 қыркүйекке дейін өтеді. Еліміздің 20 қаласының әрқайсысынан 27 жеңімпаз анықталады.

Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Гранд финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге.

Ал, гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Бүгін Атырауда «Tartyl Fest» турникке тартылу фестивалі жалғасатынын, кейін қатысушылар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері бар екенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар