Tartyl fest: Турникке тартылу фестивалі бүгін Шымкентте өтеді

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында бүгін сағат 13:00-де «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі өтеді. Шараны дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын сақтауға шақыру мақсатында ұйымдастырылатын шараға дайындық қызу жүргізілуде. Үшінші мегаполистің «Мұз сарайы» спорт кешенінде өтетін фестивальге қатысуға 1700-ге тарта тұрғын өтініш білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін «Tartyl Fest» турникте тартылудан республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын. Сондай-ақ, Талдықорған, Алматы, Тараз қалаларында жалғасын тапты. 10 шілде - 8 қыркүйек аралығында өтетін шара еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деп күтілуде. Гранд-финалдың жүлде қоры - 54 млн теңге. Ал, Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.




Фото: instagram.com/daraqory


Соңғы жаңалықтар