Tartyl fest: Турникке тартылу фестивалі бүгін Қызылордада өтеді

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі өтеді. Шараны ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу мақсатында қолға алынған. Фестиваль қалалық мәдени және демалыс паркінде өтеді. Қатысушыларды тіркеу 9:00-11:00 аралығында жүргізіледі. 26 шілде, яғни кеше кешке дейін 500-ге жуық қызылордалық тұрғын фестивальде бақ сынауға ниет білдірген.

Жарыстың басталу уақыты - 19:00. Жүлде қоры - 3 млн теңге.

Фестиваль қонақтары - Нұрлан Қоянбаев, Мирас Жүгінісов.

Сондай-ақ, фестиваль аясында қызылордалықтар эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтің концертін тамашалайды. Концерттің басталуы - 22:00-ге белгіленген.


Қатысушылар категориясы:

18 жасқа дейін (жасөспірімдер):

1) салмақ – 55 кг дейін;

2) салмақ – 55 кг бастап 70 кг дейін;

3) салмақ – 70 кг бастап жоғары қарай

18 жастан 30 жасқа дейін (жастар):

4) салмақ – 65 кг дейін;

5) салмақ – 65 кг бастап 80 кг дейін;

6) салмақ – 80 кг бастап жоғары қарай;


30 жастан жоғары қарай (үлкендер):

7) салмақ– 80 кг бастап;

8) салмақ – 80 кг бастап 90 кг дейін;

9) салмақ – 90 кг бастап жоғары қарай.

Әр қаладағы жүлде қоры:

1 орын - 200 000 тг;

2 орын - 100 000 тг;

3 орын 50 000 тг;

Гранд финалдың жүлде қоры:

1 орын - 3 000 000 тг;

2 орын 2 000 000 тг;

3 орын 1 000 000 тг;

Гранд финал Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйек күні өтеді.

Еске салсақ, «Tartyl Fest» турникке тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын .

Сондай-ақ, бұған дейін фестиваль Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларында жалғасын тапты .

Шымкенттік тұрғын Азамат Сапар турникке 41 рет тартылып, рекордтық көрсеткішті жаңартты.

Айта кетсек, фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында өткізіледі, еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деген жоспар бар.

Гранд-финалдың жүлде қоры - 54 млн теңге. Ал, гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.


Соңғы жаңалықтар