«Tartyl fest» Түркістанда тартысты өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі бүгін Түркістан қаласында өтті. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған шараға 270-ке жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белтемірді бағындыруға 70 жастағы зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар мен 6 жастағы жеткіншектер де қатысып, күш сынасты.

Кешкі сағат 21:00-де басталған жарыс 4 сағатқа созылды. Белтемірді бағындыруда жастар алдарына жан салмады. Бірінен бірі баса озып, кім мықтыны анықтады. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Мәселен, 6 жастағы Надия Садыкова 10 рет тартылып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Жасы 70-ті алқымдаған ақсақал Дадажан Каримов 10 рет, 6 жастағы немересі Нұрсұлтан 5 рет тартылып, көрермендердің ықыласына ие болды. Түркістандағы ең жоғары ұпай 36 болды. Білекті жігіт 18-30 жас аралығында өнер көрсеткен Қасымбек Нұржігіт есімді Түркістан қаласының тұрғыны жарыстың жеңімпазы атанды.

Фестивальге егіз жұптардың қатысуы басты ерекшеліктің бірі болды. Екі Хасан мен Хусан және Нұрасыл мен Ерасыл 10-20 аралығында ұпай жинады.

Ал, іс-шараның соңында бірдей ұпай иеленген қатысушылар турникке қайта тартылып, күш сынасты.

Фестивальді қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, «Дара» таланттарды қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері, жаттықтырушы әрі актер Айтым Жақыпов жеңімпаздарды марапаттады.

18 жасқа дейін 55 келі салмаққа дейін:

Құдірет Әзіретәлі-1 орын,

Нұрдилла Дамир-2 орын,

Бауыржан Нұртай-3 орын.

18 жасқа дейін 55-70 келі салмаққа дейін:

Берік Шахизинда - 1 орын,

Инамжан Бабашев - 2 орын,

Айдар Набиалы-3 орын.

18 жасқа дейін 70 келіден жоғары салмақта:

Мұстафа Рахматулла Дінмұхамедұлы-1 орын,

Мақұлбек Ержан-2 орын,

Еркін Ерасыл-3 орын.

18-30 жас аралығында 65 келі салмаққа дейін:

Жұмадулла Пулатович Зұлқайнаров -1 орын,

Тойшыбай Болатбекович Исаев -2 орын,

Хурсантбек Ахатов -3 орын.

18-30 жас аралығында 65-80 келі салмаққа дейін:

Қасымбек Нұржігіт Жанмұхамедұлы-1 орын,

Нұрсұлтан Рысқұлов -2 орын,

Жұмадулла Нұрмұхаммед-3 орын.

18-30 жас аралығында 80 келіден жоғары.

Досболат Әділов - 1 орын.

Үсенбек Назарбай-2 орын.

Аян Қуанышбай-3 орын.

30 жастан жоғары 80 келіге дейін.

Орынтай Нұрболат Усманулы-1 орын,

Мақсат Сакибеков -2 орын,

Жәнібек Мырзалиев -3 орын.

30 жастан жоғары 80 -90 келіге дейін.

Жанғали Әлжанов -1 орын,

Ержан Тәжібаев -2 орын.

Ерболат Асанов -3 орын.

30 жастан жоғары 90 келіден жоғары.

Ерболат Избасарулы Бимурзаев -1 орын,

Арман Серикович Ералиев -2 орын,

Эльнур Абдупаттахович Махаметов -3 орын.

Іс-шарада бұдан арнайы сыйлықтар да болды. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі азамат Данияр Мажитов пен жасы ең үлкен қатысушы Дадажан Сүлейменовке және ең кішкентай қатысушы Надия Садықоваға бір жыл бойы «Түркістан арена» спорт залында жаттығуға сертификат берілді.

Ал, «Алаш Прайд» Түркістан облысы филиалының президенті Мұрат Аханов қатысушы Данияр Мажитовке 100 000 теңге арнайы сыйлық табыс етті және Дадажан Сүлейменовке алаш прайд формасын берді.

Фестиваль соңында көпшілік эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтың қатысуымен өткен концертті тамашалады.

Айта кетейік, бұған дейін «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын. Сондай-ақ, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында жалғасын тапты. Кеше, Шымкенттік тұрғын Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордттық көрсеткішті жаңартты. 10 шілде - 6 қыркүйек аралығында өтетін шара еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталуда. Олар Нұр-сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деп күтілуде. Гранд-финалдың жүлде қоры-54 млн теңге. Ал, Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.



Соңғы жаңалықтар