Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

Tartyl Fest: тараздық Евгений Нам рекорд орнатты

2023 жылғы 18 ақпан, 16:16

АСТАНА. ҚазАқпарат – Tartyl Fest республикалық турнирінде 30 жастан жоғары 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Евгений Нам жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласынан келген қатысушы финалда өзінің іріктеудегі рекордын жаңартып, турникке 52 рет тартылды. Бұл – әзірге сайыстың ең үздік көрсеткіші. 33 жастағы Евгений Нам өткен жылы Қарағанды қаласында өткен іріктеу кезеңінде турникке 50 рет тартылып, жарыстың рекордын орнатқан болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазір елордадағы Конгресс орталықта Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтіп жатыр. Тартысты бәсекені «Jibek Joly» телеарнасының тікелей эфирі мен youtube арнасынан көруге болады.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар