«Tartyl fest»: Шымкентте рекорд жаңарды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Tartyl Fest турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі аяқталды. Онда шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордты жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте өтіп жатқан «Tartyl fest» турникке тартылу фестиваліне екі мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар да бар.

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Дара» дарындыларды қолдау қоры өкілдері бірлесе ұйымдастырған шараны қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Дара» таланттарды қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері, жаттықтырушы әрі актер Айтым Жақыпов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Таңертеңгі сағат 11:00 басталған жарыс алты сағатқа созылды. Белтемірді бағындыруда жастар алдарына жан салмады. Бірінен бірі баса озып, ең мықтыны анықтады. Қатысушылардың ішінде 65 жасты алқымдаған ақсақал да болды. Сондай-ақ, ең кіші 6 жастағы жеткіншек те осал еместігін көрсетті. Ал онға тарта бойжеткен ерлермен бірге күш сынасып, мықтылықтарын көрсетті.

Айта кетерлігі, бұл бәсекеге тек Шымкент қаласынан емес, Түркістан облысының аудан-қалаларынан да келіп қатысушылар болды. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Шымкенттік жігіттердің бірі Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекорд орнатты. Бұған дейін турникке тартылу бойынша рекорд жасаған алматылықтарды (40) баса озып, мықтылығын дәлелдеді. Ал, 13 рет тартылған жеті жасар Мадихан Қажымұқан ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығына ие болды.

18 жасқа дейін бірінші орын алғандар:

Шархан Ерқанат 37 рет,

Арман Нұрболұлы 30 рет,

Станислав Перелыгин 32 рет.

18-30 жас аралығында бірінші орын алғандар:

Дастанбек Орынбаев 32 рет,

Жахонгир Жамедов 35 рет,

Азамат Сапар 41 рет.

30 жастан жоғары бірінші орын алғандар:

Нұржігіт Мәлімбаев 34 рет,

Әміржан Маушев 28 рет,

Нұржігіт Қожарбаев 21 рет.

18 жасқа дейін екінші орын алғандар:

Әліпбай Пердеғали 29 рет,

Сейтмат Бекнұр 30 рет,

Руслан Халматов 25 рет.

18-30 жас аралығында екінші орын алғандар:

Бесұлан Орынбасаров 36 рет,

Ильяс Отарбаев 31 рет,

Ибрагим Шарафутдинов 35 рет.

30 жастан жоғары екінші орын алғандар:

Руслан Аманқұлов

Берик Өтегенов,

Нұрлан Барлыбаев.

18 жасқа дейін үшінші орын алғандар:

Ердәулет Исаев 27 рет,

Ердәулет Амангелді 29 рет,

Руденко Богдан.

18-30 жас аралығында үшінші орын алғандар:

Қанат Кұлтай 34 рет,

Нұрсұлтан Байымбек 30 рет,

Айбол Нысанәлі 28 рет.

30 жастан жоғары үшінші орын алғандар:

Бекжан Мамытбеков,

Бауыржан Сыздықбаев,

Ермек Байдуашов.

Фестиваль соңында көпшілік эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтың қатысуымен өткен концертті тамашалады.

Айта кетейік, бұған «Tartyl Fest» турникке тартылу бойынша үшінші республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын. Сондай-ақ, Талдықорған, Алматы, Тараз қалаларында жалғасын тапты. 10 шілде - 8 қыркүйек аралығында өтетін шара еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деп күтілуде.

Гранд-финалдың жүлде қоры - 54 млн теңге. Ал, Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.


Соңғы жаңалықтар