Tartyl Fest: петропавлдық жеңімпаздар анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Қалаларда саны бойынша он үшінші болып Петропавлда өткен турникке тартылудан Tartyl Fest республикалық спорттық фестивалі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Tartyl Fest Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының ұйымдастыруымен өтуде.

Петропавлдағы фестиваль Мемлекеттік рәміздер алаңында өтті.

Жарысқа қатысуға 277 адам тіркелген. Ең жас қатысушы 7 жаста болса, ең үлкен қатысушы - 75 жастағы азамат. Қыздар да күш-қуаты мен төзімділігін сынап көрді.

Турнир барысында қала тұрғындары жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Осылайша, қатысушы Рафаил Қадыров 45 рет тартылып, алдыңғы спортшының рекордын қайталады. Ал қала тұрғыны Руслан Фатахов 44 рет тартылған. Фестиваль барысында 12 жастағы жас қатысушы 36 рет тартылып, ең жоғары нәтиже көрсетті.

Бұған дейін Қостанайда турникке тартылудан Tartyl Fest жаңа рекорды жаңарған болатын. 51 жастағы Андрей Антонян 45 рет тартылған.

Фестиваль жеңімпаздары:

18 жасқа дейін (55 келіге дейін):

1-орын - Власенко Станислав - 16 жаста, 49 келі - 36 (32) рет

2-орын - Никита Тарасов - 12 жаста, 32 келі - 36 (29) рет

3-орын - Александр Железнов - 15 жаста, 50 келі - 29 рет.

18 жасқа дейін (55-70 келі):

1-орын - Александр Толстолужинский - 16 жаста, 62 келі - 31 (32) рет

2-орын Динер Эдуард - 16 жаста, 69 келі - 31 (31) рет

3-орын - Илья Поликарпов - 17 жаста, 55 келі - 31 (30) рет.

18 жасқа дейін (70 келіден бастап):

1-орын - Аслан Баубеков - 17 жаста, 72 келі - 36 рет

2 орын - Роман Жеребило - 16 жаста, 73 келі - 32 рет

3-орын - Бекзат Уәлихан - 17 жаста, 70 келі - 23 рет

18-30 жас (65 келіге дейін):

1-орын - Никита Олейник - 22 жаста, 60 келі - 39 рет

2-орын - Рустам Марзагулов - 23 жаста, 60 келі - 34 рет

3-орын - Аман Рахметов - 23 жаста, 54 келі - 32 (31) рет.

18-30 жас ( 65-80 келі):

1-орын - Руслан Фатахов - 20 жаста 71 келі - 44 рет

2-орын - Темірхан Айғожин - 24 жаста, 70 келі - 32 (33) рет

3-орын - Анатолий Белозеров - 25 жаста, 70 келі - 32 (29) рет

18-30 лет (80 келіден бастап):

1-орын - Андреев Тимур - 29 жаста, 83 келі - 28 рет

2-орын - Бабаев Давид - 26 жаста, 80 келі - 26 рет

3-орын - Кеңесов Нұрбек - 25 жаста, 82 келі - 25 рет

30 жастан бастап (80 келіге дейін):

1-орын - Кадыров Рафаил - 30 жаста, 60 келі - 45 рет

2-орын - Наумов Александр - 62 жаста, 65 келі - 39 рет

3-орын - Нусупов Максат - 41 жаста, 61 келі - 34 рет

30 жастан бастап (80-90 келі):

1-орын - Касманов Руслан - 34 жаста, 83 келі - 38 рет

2-орын - Гурский Олег - 34 жаста, 82 келі - 35 рет

3-орын - Дрозд Игорь - 30 жаста, 81 келі - 28 рет

30 жастан бастап (90 келіден бастап):

1-орын - Жуков Валентин - 35 жаста, 90 келі - 31 рет

2-орын - Құлжанов Ерік - 37 жаста, 94 келі - 27 (29) рет

3-орын - Родионов Станислав - 30 жаста, 91 келі - 27 (26) рет

Бірінші орын алған жеңімпаздар 200 мың теңге ақшалай сыйлық иеленеді; екінші орынға – 100 мың теңге; үшінші орынға – 50 мың теңге.

Фестиваль барысында қазақтың белгілі әншісі Ғаділбек Жанай сахнаға шығып, кезекті доданың көрермендеріне әннен шашу шашты.

Фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, оған қазақстандықтар қатысып, ақшалай сыйлықтар ұтып алады.

Әр қаладан 27 жеңімпаз таңдалады. Әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз номинация бойынша) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың жүлде қоры 54 миллион теңгені құрайды.

Гранд-финал чемпиондары Street Workout әлем чемпионатында бақ сынай алады.

Келесі фестивальдер өтетін қалалар тізімі:

18 тамызда – Көкшетауда;

21 тамызда – Жезқазғанда;

24 тамызда – Қарағандыда;

30 тамызда – Семейде;

2 қыркүйекте – Өскеменде;

6 қыркүйекте – Нұр-Сұлтанда.


Соңғы жаңалықтар