Tartyl Fest: петропавлдық Руслан Касманов өз салмақ дәрежесінде үздік атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Tartyl Fest турнирінің 30 жастан жоғары 80-90 келі салмақ дәрежесіндегі қатысушылар арасында Руслан Касманов жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдық Руслан Касманов турникке 33 рет тартылды. Айта кетейік, бұл көрсеткіш жеңімпаздың іріктеудегі нәтижесінен төмен. Ол өңірлік іріктеуде турникке 38 рет көтерілген болатын.

Қоса кетсек, әзірге турнирдің рекорды тараздық қатысушы Евгений Намға тиесілі. Ол турникке 52 рет тартылды.

Еске салайық, қазір елордадағы Конгресс орталықта Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтіп жатыр. Тартысты бәсекені «Jibek Joly» телеарнасының тікелей эфирі мен youtube арнасынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар