Tartyl Fest: Өскеменнен үшінші қатысушы үздіктер қатарында

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Tartyl Fest турнирінің гранд-финалында 18 жасқа дейінгі 55-70 келі салмақ дәрежесіндегі қатысушылар арасында Егор Ногин жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендік жеңімпаз 16 жаста. Ол финалдық бәсекеде турникке 32 рет тартылды. Осылайша, іріктеудегі өзінің рекордын (28 рет) жаңартып отыр.

Егор Ногин іріктеу кезеңінде берген сұхбатында Tartyl Fest турниріне ақша үшін емес, әлем чемпионатына жолдама алу үшін қатысып жатқанын айтқан болатын.

Еске сала кетейік, фестиваль ұйымдастырушылары жеңімпаздарды Қазақстан құрамасы атынан әлем чемпионатына апару бойынша келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеген еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазір елордадағы Конгресс орталықта Tartyl Fest республикалық турнирінің гранд-финалы өтіп жатыр. Тартысты бәсекені «Jibek Joly» телеарнасының тікелей эфирі мен youtube арнасынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар