Tartyl Fest бүгін Қостанайда өтеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Турникке тартылудан Тartyl Fest республикалық спорт фестивалі бүгін Қостанай қаласында жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Tartyl Fest Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры» ҚҚ қолдауымен өткізіледі. Бүгінгі турнирдің өтетін орны - City center қалалық алаңы. Тіркеу, өлшеу және қатысушыларға нөмірлер беру 9:00-ден 12:00-ге дейін.

Фестивальдің ресми ашылуы сағат 18:00-де.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, турнир алдында Қостанай облысында қаза тапқан бес жасар Мәдина Ерланқызын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады. Қайғылы оқиғаға байланысты фестивальдің концерттік шоу-бағдарламасы тоқтатылды.
Фестивальге 20 қаладан келген қатысушыларға ереже ортақ. Дұрыс және көп тартылу.
Қатысушылар салмағы мен жасына қарай тоғыз санат бойынша сынға түседі. Жарыс ресми қазылар алқасының қатысуымен өтеді.
Қатысушылардың санаттары:
18 жасқа дейін (жасөспірімдер):
1) салмағы - 55 кг дейін;
2) салмағы - 55-тен 70 кг-ға дейін;
3) салмағы - 70 кг және одан жоғары;
18 жастан 30 жасқа дейін (жастар):
4) салмағы - 65 кг дейін;
5) салмағы - 65-тен 80 кг-ға дейін;
6) салмағы - 80 кг және одан жоғары;
30 жас және одан жоғары (ересектер):
7) салмағы - 80 кг дейін;
8) салмағы - 80-нен 90 кг-ға дейін;
9) салмағы - 90 кг және одан жоғары.
Фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып жатыр, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі.
Әр қаладан 27 жеңімпаз іріктеледі.
Бірінші орын үшін әр санаттағы қатысушылар 200 мың теңге ақшалай сыйлық алады; екіншісіне – 100 мың теңге; үшіншіге – 50 мың теңге.
Өңірдегі жеңімпаздар (тоғыз номинация бойынша) Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйекте өтетін гранд-финалға қатысады.
Гранд-финалдың жүлде қоры 54 миллион теңге. Гранд-Финал чемпиондары Street workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.
Жоба амбассадоры - қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов.
Ол Қазақстан және әлем бойынша street workout-тың бірнеше дүркін жеңімпазы, Streetlifting бойынша Еуропа рекордсмені, сондай-ақ Қазақстандағы streetworkout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі.
Street workout-көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығулар орындалатын әуесқой спорт түрі.

Соңғы жаңалықтар